А.С.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директорлық қызметін атқарған басшылар жайлы мәлімет
Қайнар бастауыш мектебі меңгерушілері:
- Досметов Әшірмет 1937 - 1943 жылдары
- Назаров Нуриддин 1943 - 1949 жылдары
- Рысқұлов Мухамеджан 1949 - 1968 жылдары
Сегіз жылдық мектеп директорлары
- Муқашов Оспан 1968 - 1969 жылдары
- Жылысбаев Мырзахмет 1969 - 1975 жылдары
- Бөрғазының Өскені 1975 - 1984 жылдары
Орта мектеп директорлары
- Бощанова Рая 1984 - 1991 жылдары
- Иманбеков Мухамедәли 1991 - 1995 жылдары
- Ізбалаев Төлен 1995 - 1996 жылдары
- Бөрғазы Есентай 1996 - 2013 жылдары
- Жораев Нарынбай 8 қаңтар 2013 жыл
- Алғазиева Лаззат 14 желтоқсан 2020 жыл
А.С.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектебінің тарихы
А.С.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектептің іргетасы 1937 жылы Қайнар бастауыш мектебінің негізінде қаланған. Қайнар елді мекеніндегі жастардың сауатын ашу мақсатында сауаттандыру жұмыстарын жүргізген алғашқы ұстаздар Смайыл Әбдірасылов, Әшірмет Досметовтердің еңбегі ұмытылмайды.
Мектептің алғашқы түлектері Мырзан Тастанов, Қорған Дәулеткелдиев, Асқар Шалқаров, Үсен Нәлібаев, Сахан Мұсаевалар ауылға танымал азаматтар болып өсті. Мырзан Тастанов 1952 - 1985 жылдар аралығында ұлағатты ұстаз болып еңбек етіп зейнеткерлікке шықты.
Соғыс жылдарында мұғалімдік қызметте болып, ізінше өз еріктерімен Отан қорғауға аттанған Нуриддин Назаров, Нәсір Насырлаев соғыстан жараланып келіп, ағарту саласындағы қызметтерін жалғастырды.
Рысбай Тастанов пен Халмет Бабкеев, Самарқан училищесін бітіріп келген алғашқы әйел ұстаз Гүлсара Бадирдиновалар зейнеткерлікке осы мектептің қабырғасынан шықты. 1952 жылдан бастап мектепте тұрақтандыру кезеңі басталды. Сабақтар қазақ және өзбек тілдерінде жүргізілді. 1960 жылы мектеп жаңа жайға көшірілді. 1968 жылы мектеп Қайнар атындағы сегіз жылдық мектеп болып кеңейтілді, елді мекендегі тұрғындар көбейіп, оқушылар саны артты, қосымша сынып бөлмелері салынды. 1969 жылы мектеп жанынан интернат ашылып, мұнда қыстаулары шалғай шопан балалары жатып оқи бастады.
А.С.Макаренко есімі мектепке 1971 жылы берілді.
Осыдан ұзақ жылдар көлемінде тұрақты қызмет етіп зейнеткерлікке шыққан ұстаздар Сабира Имашева, Алтыншаш Есмырзаева, Оғылай Стамқұлова, Д.Алғазиев, Б.Алтаев, А.Өтетілеуова К.Ходжакулова мақтан етуге болады.
Мектептің орналасқан аймағын кеңейтіп, ауласын құрпыртып, жетіспейтін мамандармен қамтамасыз етіп, үздік ұстаздардың облыс аумағы мен Республика көлеміне танылуына көп еңбек сіңірген мектеп директорының бірі әрі бірегейі болған Өскен Бөрғазиев.
1982 - 1983 оқу жылында мектеп жанындағы интернатта жүргізілген тәрбие жұмыстарының арнаулы плакаты бүкіл облыс көлемінде таратылды.
1987 жылдан бастап өзбек сыныптары қайта ашылып, мектеп оқушыларының өз күшімен мектеп жанынан жаңа мекен жай салынды. 1989 оқу жылынан орта мектепке айналды.
Бөрғазы Есентай мектепке директор болып 1995 жылы келіп 2013 жылы 8 қаңтарда басқа жұмысқа ауысты.
Жораев Нарынбай мектеп директоры болып 2013 жылы 8 қаңтарда келіп зейнет жасына жетуіне байланысты 2020 жылы жұмысын аяқтады.
Қазіргі мектеп директоры Л.Алғазиеваның басшылығымен 50 мұғалім оқушыларға сапалы да саналы білім беру мақсатында бір кісідей жұмылып еңбек етуде.
Мектепте білім беру үрдісі толықтай қазақ тілінде жүргізіледі.
Мектептегі жалпы педагог кадрлар саны - 50. Олардың 1 шебер, 3 зерттеуші, 13 сарапшы, 16 модератор, 17 санатсыз. Жоғары білімдісі 49. Арнаулы орта білімдісі 1. Мектепте 22 сынып комплектісі бар.
Мектепте мектеп алды даярлық тобы 31 оқушы, 1 - 11 сыныптарда 332 оқушы білім алып, тәрбиеленуде. 10 - 11 сыныптар жаратылыстану - математикалық және қоғамдық гуманитарлық бағытта білім алады. Сыныптарда пәндерді кеңейтіп, тереңдетіп оқыту үшін вариативтік бөлім бейімдік пәндерден, қолданбалы және таңдау курстардан тұрады. Қолданбалы және таңдау курстар мектеп оқушыларының таңдаған бағыттарынан құрылған. Оқу жоспары оқушылардың қызығушылығы мен мектептің кадрлық - әлеуметтік мүмкіндігіне сәйкес құрылған. Мектебімізде шығармашылықпен жұмыс жүргізетін ұстаздар жетерлік. Бүгінде мектеп ОҒҚ - ның 4 секциясы жұмыс істейді. Олар:
- Этномәдениеттану секциясы.
- Тарих - өлкетану секциясы
- Экология секциясы
- Физика, математика секциясы.
Білім берудің қай түрі болса да негізінен сабақ арқылы іске асады. Сондықтан сабақты дұрыс ұйымдастырып, жүйелі жүргізу жағына мән беру керек. Бұл бағытта мұғалімдер жаңа технологияларды пайдаланумен қатар, халықтық педагогиканы байланыстыра өтуде.
Мұғалімдер: Х.Мұхаммаджанов, Ш.Мұхамедаминова, У.Гаипбаева, Д.Рашидова, Д.Наятова, А.Сердалиева, М.Алтаев, оқушылардың жақсы азамат болып қалыптасуына үлкен үлес қосып келеді. Өткен оқу жылында 7 оқушымыз аудандық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды. Мектепте әр пән бойынша апталықтар, онкүндіктер, акциялар өткізіледі. Мектебімізде оқушылар арасында ұдайы «Жігіт сұлтаны», «Күз аруы», «Толағай» отбасылық сайыс т.б іс - шаралар өткізіліп отырылады. Мектебімізде оқитын 8 жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген 34 отбасы балалары қамқорлыққа алынған. Олар жыл сайын киім - кешек, оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда жан - жақты қосымша білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі - кітапхана екендігінде ешкімнің таласы жоқ. Оқушы кітапхана арқылы ақыл - ойдың інжу - маржанын бойына жинайды. Кітапханада оқушыларды айналадағы өмірмен жақсы болуға, адамға мейіріммен қарауға, жақсылық істеуге тәрбиелейді. Мектеп кітапханасында кітапхана меңгерушісі З.Үмбетова мен педагогикалық ұжым бірлесе отырып түрлі мәдени іс - шараларды жиі өткізіп отырады. Соның ішінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектепалды даярлық тобының «Ертегілер еліне саяхат», «Бір ел бір кітап» республикалық акция т.б. іс шаралар жиі өткізіліп тұрады. Оқырмандармен өткізілген мәдени шаралар жыл санап молайып келеді.
Ауыл - қазақтың бесігі болса, мектеп - ауылдың ұйытқысы. Ол тек оқушыларға білім беретін орын ғана емес, ауылдың бүкіл мәдени өміріне қан жүретін жүрегі, рухани өсуіне ықпал ететін ордасы.
Ауыл мектебі халқымыздың қадір - қасиетін жан - тәнімен қабылдаған, ұлттық рухымыз бен рухани мұраларымыздың қайнар бұлақтарынан нәр алған небір дарындар мен даналарды шығарған, әлі де шығара беретін киелі шаңырақ.